Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қоғамдағы шынайылық пен сенімділікке дәнекер болып, уақытпен бірге жаңарып, сөз өнерін сана биігіне көтерген сіздердің еңбектеріңіз — нағыз азаматтық миссия, заманауи ойдың айнасы. Бұл – жай ғана кәсіп емес, бұл – шындықты ту еткен жүректің таңдауы, ұлт руханиятына қызмет ететін саналы жол.
Біздің қаламызда ақпарат саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүрген «Престиж» және «Алтын қала» газеттерінің шығармашылық ұжымы, әлеуметтік желіде қоғамдық ой қалыптастырып жүрген блогерлер, ресми ақпаратты дер кезінде, айқын жеткізіп отырған баспасөз қызметтері мен медиа-менеджерлердің тынымсыз тірлігі — құрметке лайық.
Қаламдарыңыз ұштала берсін, сөздеріңіз салмақты, шынайы болсын, жазарыңыз халықтың жүрегіне жетіп, жаңалығыңыз ел игілігіне айнала берсін!
Еліміз аман, бейбіт күндер баянды болсын! Ақпарат алаңында абыройларыңыз асқақтай берсін!