Бүгін Степногорск қаласында БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында салтанатты шара өтті.
Іс-шара барысында қала әкімінің м.а. Фархат Байкасов құттықтау сөз сөйлеп, ақпарат саласының ардагерлері мен белсенді өкілдеріне алғыс хаттар мен марапаттар табыс етті.
📰 Әсіресе қалалық баспасөз – жергілікті газеттердің еңбегі жоғары бағаланды. Сонымен қатар, қазіргі ақпараттық кеңістікте өз орны бар блогерлер мен қала әкімдігінің баспасөз қызметі де назардан тыс қалмады. Мерекелік концерттік бағдарлама кештің көрігін келтірді.
Барша журналистерді, тілшілерді, редакторлар мен медиа мамандарды алдағы кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, мықты денсаулық пен жаңа жетістіктер тілейміз!