26 маусым күні Степногорск қаласындағы санитарлық тазалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске мемлекеттік экологиялық инспектор, қоқыс шығарумен айналысатын компаниялар мен мердігер ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары қатысты.
Кездесу барысында қалдықтарды уақытылы шығару, қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және бейберекет қоқыс үйінділерінің алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша барлық жауапты тараптардың өзара іс-қимылын күшейтуге және бақылауды арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.