Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару – маңызды міндет

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару – маңызды міндет

Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару – маңызды міндет

Бүгін қала прокуратурасы, облыстық және қалалық жер ресурстары жөніндегі уәкілетті органдардың қатысуымен көшпелі отырыс өткізілді.
Жиынға жер пайдаланушылар шақырылып, жерді мақсатты әрі тиімді пайдалану бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Отырыста пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, жерге түсетін нақты жүктемені есептеу, ерікті түрде қайтарылатын жер телімдеріне қатысты мәселелерді жедел әрі түбегейлі шешу жайы талқыланды.

Бұл бастама жер ресурстарын тиімді басқаруға және әділ жер айналымын қалыптастыруға бағытталған.