Құрметті полиция қызметкерлері!
Сіздерді Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жолында сіздер күн сайын батылдық пен жанқиярлық көрсетіп келесіздер. Бұл – ерекше құрмет пен алғысқа лайық қызмет.
Сіздерге мықты денсаулық, қызметтеріңізде сәттілік, темірдей тәртіп пен тұрақты қолдау тілеймін. Әр қадамдарыңыз ел тыныштығы мен халық амандығына бағытталсын.
Ізгі ниетпен,
Степногорск қаласының әкімі
Гайдар Қабдоллаұлы