2025 жылғы 21 маусымда, Степногорск қаласының 10-шағынауданындағы №19 және №21 тұрғын үйлердің пәтер иелерінің жалпы жиналысы өтті.
Жиналыс аталған үйлердің ауласында, меншік иелері мен әкімдік өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында тұрғын үйлерді қалпына келтіру мәселесі қаралды. Жиналған тұрғындардың барлық сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берілді.
Өз үйлерінің жағдайына бейжай қарамай, белсенділік танытқан тұрғындарға алғысымызды білдіреміз.