Жолаушылар тасымалы мәселелері бойынша кеңес өтті

Жолаушылар тасымалы мәселелері бойынша кеңес өтті

Жолаушылар тасымалы мәселелері бойынша кеңес өтті

Қалалық әкімдікте «Степногорск Экспресс» ЖШС, «Тұлпар» ЖШС өкілдері және Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Александр Рублевскийдің қатысуымен кеңес өтті.

Кеңес барысында автобус паркін жаңарту, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру және жолақы тарифі мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, қалалық жолаушылар тасымалының қолжетімділігін жақсарту бойынша келесі қадамдар белгіленді.