Құрметті Степногорск қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Хабарлама: Степногорск қаласында коммуналдық жағажай – «Сопка 305» жұмыс істейді. Бұл жағажай тұрғындардың жаз мезгілінде қауіпсіз әрі жайлы демалуына арналған. Мұнда арнайы жабдықтар мен құралдар орнатылып, дайындық жұмыстары жүргізілді, атап айтқанда:
* аншлагтар мен ескерту белгілері орнатылды;
* балаларға арналған шомылу аймағы жабдықталды;
* шектеу буйлары қойылды;
* құтқару қайығы, құтқару кеудешелері мен құтқару дөңгелектері бар;
* құтқару бекеті жұмыс істейді – «Смена-А» ЖШС-нің 2 қызметкері 2024 жылы Көкшетау қаласында арнайы қайта даярлаудан өтіп, суда құтқару жұмыстарына рұқсат беретін сертификаттар алды.
Жағажай аумағында тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында ТЖ өкілдерінің қатысуымен үнемі профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.
Баршаңызды жағажайда келесі тәртіп ережелерін сақтауға шақырамыз:
* Шомылуға тек арнайы бөлінген аймақта ғана рұқсат етіледі;
* Алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түсуге қатаң тыйым салынады;
* Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды;
* Жағалау аумағын ластауға қатаң тыйым салынады.
Степногорск қаласының аумағында 3 су айдыны бар:
1. «Сопка 305» – ресми жағажай ретінде жабдықталған (қызмет көрсетуші – «Смена-А» ЖШС);
2. Тасты карьердегі су айдыны – бақылаусыз және шомылуға арналмаған, жабдықталмаған. Бұл су айдыны «Бастау-ST19» ЖШС-не балық өсіру мақсатында жалға берілген (жеке меншік);
3. Ақсұ өзені – шомылуға арналмаған, жабдықталмаған және бақылаусыз су айдыны (қаладан 9 шақырым жерде орналасқан).
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 7 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.
Степногорск қаласының әкімдігі тұрғындарды су айдындарында демалыс кезінде жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!