Бүгін қаламызға Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов ресми сапармен келді.
Сапардың басты мақсаты – зейнеткерлік жастағы азаматтардың белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және қоғамдық өмірге араласуын қамтамасыз ету, физикалық және психологиялық денсаулықты нығайту арқылы ұзақ әрі сапалы өмір сүруді қолдау.
Кездесу барысында қала әкімі Гайдар Қасеновпен, қалалық бөлім басшыларымен, Достық және шығармашылық үйінің директорымен, қалалық ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар алқасының төрағаларымен пікір алмасты.