23 мамыр күні қаламызда «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты Абай әндерінің кеші өтті.

23 мамыр күні қаламызда  «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты Абай әндерінің кеші өтті.

23 мамыр күні қаламызда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты Абай әндерінің кеші өтті.

Шараның мақсаты – ұлы ойшылдың шығармаларын насихаттап, жастарды ұлттық руханиятқа баулу, Абай мұрасын ұлт болып ұлықтау.

Кеш барысында ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Абайдың жүрекке жетер әндерін орындап, көрерменге рухани ләззат сыйлады.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы қатысып, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.