23 мамыр күні қаламыздағы «Тау-кен техникалық колледжі»-нің базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «ХХІ ғасырдағы тау-кен ісі: технологиялар, перспективалар, білім беру» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының тау-кен өндірісіне жоғары білікті мамандар даярлау бойынша тәжірибе алмасу.
Конференцияға Қазақстан мен Қырғызстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагог қызметкерлері мен студенттері қатысты.
Бағдарлама аясында әдістемелік презентация, салтанатты ашылу, секциялық отырыстар, қорытынды шығару және қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.