22 мамыр күні қаламызда «Триумф» атты дарынды оқушыларды марапаттау салтанаты өтті. Бұл шара «Дарындылар шеруі» аясында ұйымдастырылып, түрлі олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері құрметке ие болды.
Қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы құттықтау сөз сөйлеп, жас жеткіншектерді жетістіктерімен құттықтап, оларға алдағы уақытта сәттілік тіледі. Сондай-ақ, балалардың дамуына зор үлес қосқан ата-аналар мен ұстаздарға алғысын білдірді.
Салтанатты шараны әсем безендірген концерттік нөмірлер кештің сәнін келтірді.
Барша жеңімпаздарды және олардың тәлімгерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Әрбір жетістік – үлкен болашақтың бастауы. Таланттарыңыз ашыла берсін, арман-мақсаттарыңыз асқақ болсын! Болашақта да еліміздің абыройын асқақтатар биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспіз!