22 мамыр күні Степногорск қаласының әкімі көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты. “Береке” шаруа қожалығы мен “Орбита Плюс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқаптарын аралап көрдік. Ауыл шаруашылығы науқаны аясында жүргізіліп жатқан егіс жұмыстарының қарқыны мен ұйымдастырылуымен таныстық.
Биылғы жылы жалпы 7200 гектар жерге әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Оның ішінде күнбағыс, зығыр, бидай және арпа бар.
Ауыл шаруашылығы — ел экономикасының тірегі. Атқарылып жатқан жұмыстардың табысты болуына тілектеспіз!