22 мамыр күні Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы бойынша жиын өтті.

22 мамыр күні Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы бойынша жиын өтті.

22 мамыр күні қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру барысы бойынша жиын өтті.

Іс-шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Дүзелбайқызы Талпақова, басқарманың бас маманы Әділжан Нағымұлы Әмірханов және тіл саясаты мәселелері жөніндегі маман Мөлдір Әуелбекқызы Демеуова қатысып, баяндамалар жасап, сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы Индира Шералықызы Арапбаева мен қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының жетекшісі Жанар Уалиханқызы Ахметова өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.