2025 жылғы 22 мамырда Степногорск қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында қаламыздың тұрғындары арасында ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу және ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында атқарылып жатқан түсіндіру жұмыстары қаралды. Сонымен қатар, жиында өзекті бірқатар мәселелер қозғалды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық мүдделі органдардың үйлесімді әрекеттесуінің маңыздылығы атап өтіліп, талқыланған барлық мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді және нақты шешімдер қабылданды.