"Қысқы ертегі" байқауы

"Қысқы ертегі" байқауы

"Қысқы ертегі" қар фигуралары байқауы

Шаңтөбе кентінің әкімдігімен "Қысқы ертегі"қар фигуралары байқауы өткізілді. Байқауға Шантөбе кентінің ұйымдары қатысты. Байқау 2024 жылдың 10 қаңтары мен 14 қаңтары аралығында "Одноклассники" әлеуметтік желісінде өткізілді. Конкурстың дауыс беру қорытындысы бойынша:

1 орынды "Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" МКҚК иеленді - "АЙДАҺАР"фигурасы

2 орын "Горняк" МҮ - "АЛТЫН БАЛЫҚ" фигурасы.

3 орынды "Жалпы білім беретін мектеп" КММ тең дауыспен бөлісті. В. Комарова " - "КОЛОБОК" фигурасы және "Мерей" балабақшасы - "ҮЙ" фигурасы.

Шаңтөбе кентінің әкімі Е. Б. Мұқанов конкурсқа қатысушыларға грамоталар мен тәтті сыйлықтар табыс етті.