Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 193 бұйрығына
2-қосымша
«Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ қызметінің есебі
2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша.
1) «Степногорск қаласы Қырық құдық ауылы әкімінің аппараты» ММ Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы, Бөгенбай батыр көшесі, 14-ғимарат мекенжайында орналасқан. Тел: 45-5-23.
2) 2025 жылы Степногорск қаласының Қырық құдық ауылында сервистік әкімдік ашылды.
3) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: 6 түрі бойынша Мемлекеттік қызметтер саны.
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 0;
- «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» - 0;
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» - 33;
- «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату» - 0;
- «Жер учаскесін алуға кезекке қою» - 0;
- «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» - 4.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Электрондық нысанда - 33 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қағаз түрінде - 4 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
1) ауыл әкімдігіндегі ақпараттық стендтер және Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасында жариялау мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері болып табылады.
2) халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1) әкімдік жанында «Е-GOV» өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы - 236 қызмет көрсетілді. Олардың ішінде электрондық - цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) және «Наркология», «Психиатрия «психикалық денсаулық орталығынан мәліметтер беру» анықтамасын алу аса сұранысқа ие.
2) 2025 жылы ауыл әкімі аппаратының қызметкерлері қалалық семинар - кеңестерге қатысып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
Мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында компьютерлік техника сатып алынды.
Мемлекеттік қызметтер белгіленген мерзімде ұсынылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар болған жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
2025 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындылары туралы ақпарат зерделеніп, жұмысқа қабылданды, сондай-ақ ресми интернет - ресурста жарияланды.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында ауыл әкімі аппаратымен мынадай жұмыстар жүргізіледі:
- Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- Халықты әлеуметтік желілер, БАҚ және ақпараттық стендтер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы уақтылы хабардар ету;
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
Қырық құдық ауылының әкімі Д. Жахин