
ХАБАРЛАМА
Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімдігі 10 жыл мерзімге шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Степногорск қаласының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 29 сәуірден бастап 2026 жылғы 22 мамырға дейін, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 1- ғимарат мекен жайы бойынша жүзеге асырылады. Қорытындылау күні конкурстың аяқталу күні болып саналады. Конкурс қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні өткізіледі.
Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2026 жылғы 25 мамырдағы сағат 15:00-де Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан, 1- ғимарат, 6-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша шығарылады.
Толық ақпарат келесі сілтеме арқылы алуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk-bogenbai/documents/details/989111?lang=kk