Ақмола облысы Степногорск қаласының Бестөбе кентінің құрметті тұрғындары!
Ақмола облысы Степногорск қаласының Бестөбе кенті әкімдігінде азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында халықтың қолданыстағы және талқыланып жатқан нормативтік құқықтық актілермен танысуына арналған ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар «Құқық кабинеті» немесе «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған.
«Құқық кабинеті», «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға қолжетімділікпен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда: «Әділет» ААЖ, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі, «Заң» деректер базасы, «Ашық НҚА» порталы, «eGov», «e-Өтініш», «ZanKomegi» жүйесі, «Тараптар кабинеті», сондай-ақ халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетуге қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасы бар.
«Құқық кабинеті» мен «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» халыққа құқықтық және ақпараттық-түсіндіру көмегін көрсетуге қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған.
Ақмола облысы Степногорск қаласының Бестөбе кентінің құрметті тұрғындары!
Құқықтық мәселелер туындаған жағдайда, төмендегі мекенжайда орналасқан «Құқық кабинетінің» қызметін пайдалана аласыздар:
Мекенжайы: Бестөбе кенті, Бейбітшілік көшесі, 10.
Жұмыс уақыты: 09:00–18:30.
Түскі үзіліс: 13:00–14:30.
Байланыс телефоны: 43-468.