«Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылғы мамырда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маман-заңгері Мұрат Майданұлы Аманбаевқа мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 - (716-2) 76-21-34; 76-34-27 (қабылдау бөлмесі).