23 жасқа дейінгі жастар арасында күрестен Әлем чемпионаты

23 жасқа дейінгі жастар арасында күрестен Әлем чемпионаты

Испания елінің Понтеведра қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында күрестен Әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы барлық 10 салмақ дәрежесінде 3 түрден - грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша өнер көрсетеді. Біздің облысымыздың атынан 6 спортшы - Теміржанов Дәулет (57 келі), Бексұлтанов Жасұлан (74 келі), Махяддинова Эллада (53 келі), Кузнецова Ирина (62 келі), Қайыргелдинова Альбина (68 келі), Зайцева Александра (72 келі) бақ сынайды. Балуандарымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз! Жауырыны жерге тимеген атақты палуан бабаларымыздың жолын берсін!