Жекпе-жектен Қазақстан чемпионатында ақмолалықтар 15 марапатқа ие болды

Жекпе-жектен Қазақстан чемпионатында ақмолалықтар 15 марапатқа ие болды

Ақмола командасының активінде бес алтын, төрт күміс және алты қола медаль бар, деп хабарлады Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.
Көкшетауда алғаш рет Жекпе-Жек ұлттық спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Октагонда 470-тен астам үздік жауынгер жарқын және әсерлі шайқастар өткізді.
Ақмола облысының спортшылары бес алтын, төрт күміс және алты қола медаль жеңіп алды.
Жалпыкомандалық есепте ақмолалықтар Алматы облысының құрамасынан үш ұпайға ұтылып, екінші орынға ие болды. Көшбасшылардың үштігін Алматы қаласының өкілдері тұйықтады.