Ақмола дзюдошылары Жастар ойындарының чемпиондары атанды

Ақмола дзюдошылары Жастар ойындарының чемпиондары атанды

Орал қаласында Қазақстан Республикасының V Жастар спорттық ойындары аясында дзюдодан жарыс аяқталды.
Толғанай Әбеуова (57 кг дейін) және Анастасия Маякова (70 кг дейін) чемпион атанды. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальді Ислам Төлеген жеңіп алды.
Жаттықтырушы Асылбек Шахановтың айтуынша, Анастасия Маякова Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады. Спортшылар, Бөгенбай батыр атындағы ООРММИК түлектері,  Жоғары спорт шеберлік мектебінде жаттығады.