Сандықтау ауданында "Ақ марафон" өтті

Сандықтау ауданында "Ақ марафон" өтті

Балкашино ауылында қысқы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Сандықтау өңірінің тумасы Владимир Сахновтың жүлдесіне арналған "Ақ марафон" шаңғы жарысы өтті.

5-тен 50 км-ге дейінгі қашықтыққа Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар және Ақмола облыстарынан 340 шаңғы спортының әуесқойлары мен белсенділері шықты.
"Ақ марафон" турнирі дәстүрлі түрде шаңғы маусымының соңында өткізіледі. Ұзақ тарихында ол жаңа есімдерді ашып, көптеген шаңғышыларға үлкен спортқа жол ашты.