Күштілер уақыты!

Күштілер уақыты!

Гір спортынан Ақмола облысының Оnline чемпионаты аяқталды, онда спортта алғашқы қадамдарын жасағандар ғана емес, жеңістің дәмін татқандар да ең мықты атағы үшін күресті.
Жарыстың бас төрешісі Сергей Прохоровтың айтуынша, ереже бойынша жарыстар әр ауданда бір уақытта өтті. Тіркеуден өткен қатысушылар бейнеге түсіріліп, төрешілер алқасына жіберілді. Кейін қорытынды жасалды.
Чемпион атанғандар:
- Оспанов Жамбыл (жаттықтырушысы Жұмабеков Бахтияр, Астрахан ауданы);
- Сулименова Зарина (жаттықтырушы Ашимов Асхат, Целиноград ауданы);
- Шидловский Анатолий (жаттықтырушы Халибек Салтанат, Жарқайың ауданы);
- Корж Роман (жаттықтырушы Архипов Сергей) және Волкова Алина (жаттықтырушы Прохоров Владимир) - екеуі де Сандықтау ауданының өкілдері.
"Өткен жарыстар осындай қиын жағдайда біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсете алатынын көрсетті", - деп түйіндеді Сергей Прохоров.