Щучинск қаласының тумасы Санкт-Петербургтік "Зенит" құрамында жеңіс голын соқты

Щучинск қаласының тумасы Санкт-Петербургтік "Зенит" құрамында жеңіс голын соқты

Қазақстан құрамасының футболшысы Аида Гайстенова "Зенитке" әйелдер арасындағы Ресей Бірінші лигасының алғашқы турының матчында жеңіске жетуге көмектесті.
"Мирас" және "Зенит" жастар құрамаларының кездесуі Санкт-Петербург клубының пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші голды 64-минутта Аида Гайстенова соқты.
Естеріңізге сала кетейік, Щучинск қаласының 25 жасар тумасы, "Оқжетпес" (Көкшетау) клубының хавбекі кейінірек "Астана" ЖФК ауысып, Қазақстан әйелдер құрамасына шақырту алған болатын. 2017 жылы Аида "МЖСШМ-Барыс"сапында өнер көрсетті. Содан кейін Красноярск "Енисей" оған көшу туралы жариялады. Айтпақшы, бұл трансфер Қазақстан әйелдер футболының тарихында бірінші болды.
Өткен жылы Аида өзінің мансабын "Звезда-2005" (Пермь) ресейлік футбол клубының құрамында жалғастыратыны белгілі болды, онымен бірге ол әйелдер арасындағы футболдан Ресей Кубогының иегері болды.
2020 жылғы маусымда Гайстенованың "Зенитке" ауысуы туралы ресми түрде жарияланды.
Әлемдегі ең сексуалды футболшылардың "ТОП — 10" рейтингіне енген Қазақстанның жалғыз қызы. Ол сонымен қатар Adidas әлемдік спорт брендінің бет-бейнесі.