Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспары аясында Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – «Департамент») бұзушылықтарды уақтылы анықтау және тыю, Ақмола облысының мемлекеттік органдары мен мемлекеттік сыңайлы сектор нысандарының бюджет қаражатын толық және уақтылы игеруге бағытталған ішкі үдерістердің тиімділігін арттыру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізілуде.
Шек қойылмаған тексерулерге жол бермеу және мемлекеттік аудит объектілеріне артық қысымды жою үшін аудит объектілерінің тиісті өзара келісілген тізбесі әзірленген.
Барлық аудиторлық тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген және бұзушылықтарды ғана емес, сондай-ақ олардың пайда болу себептерін анықтауға және уақтылы жоюға бағытталған.
Жедел жауап қайтару шараларын қабылдау және бюджет қаражатының тиімсіз және негізсіз пайдаланылуын болдырмау мақсатында қазынашылық органдары әзірлеген тәуекелдер бейіндерінің негізінде алынған тәуекелдік төлемдер мен шарттар талданады.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы жалақыны төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) «Онлайн бюджеттік мониторинг» (бұдан әрі – ОБМ) модулінің функционалын кеңейтті.
Осылайша, Комитет алдын алу жұмыстарының үлесін арттыру және оны масштабтау үшін аумақтық департаменттердің ОБМ модуліне қолжетімділігін қамтамасыз еткенін атап өтеміз.
Осыған байланысты, Комитет 2024 жылғы 28 қазандағы тапсырманы ведомстволық бағынысты департаменттерге жолдады.
Департамент осы тапсырманы орындау үшін білім саласындағы жалақыны төлеу мониторингі үшін ОБМ модуліне қолжетімділігі бар лауазымды тұлғаларды бекітті.
Тәуекелдің 6 бейіні бойынша жалақы төлеу мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі, оның ішінде:
Департаменттің лауазымды тұлғалары бейіндердің бірі бойынша тәуекелдік төлем белгіленген жағдайда, «орындалуда», «бұзушылықтар жоқ», «хабарлама жіберілді» тәуекел мәртебесін ОБМ-ке тіркейді және бюджеттік бағдарламаның әкімшісін, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарын хабардар ете отырып, мониторинг объектісіне жауап қайтару хаттарын (хабарлама) жіберу жолымен дереу шаралар қабылдайды.
Жоғары тәуекелдер жағдайлары сақталған жағдайда (оларды мониторинг объектісі жоймаған жағдайда) кейіннен мемлекеттік аудит тағайындалады және өткізіледі.
Ағымдағы жылдың 17 сәуірінен бастап ОБМ модулінде хабарламаларды қалыптастыру механизмі істелді.
Бүгінгі таңда Департамент мамандары ОБМ модулі арқылы хабарламаларды қалыптастырып, мониторинг объектісіне жолдайды.
Департамент 2025 жылғы 17 сәуірден бастап 25 маусымға дейінгі кезеңде жалақыны ОБМ арқылы төлеуге мониторинг жүргізді және жалпы сомасы 116 499 564 теңгеге 279 тәуекел төлемдері (82 жеке тұлға) бойынша барлығы 32 жауап қайтару хаттары (хабарламалар) жолданды, оның ішінде:
Тәуекелді төлемдердің басым бөлігі дене шынықтыру басқармасы бойынша жалпы сомасы 18 млн 583 теңгеге 99 тәуекелді төлем;
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мерген» мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» КММ бойынша жалпы сомасы 22 млн 289 теңгеге 50 тәуекелді төлем;
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорттық шеберлік мектебі» КММ бойынша жалпы сомасы 51 млн 845 теңгеге 71 тәуекелді төлем.