Басқарма басшысының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жұмыс сапары

Басқарма басшысының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жұмыс сапары

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Садыққызы Рахматуллина жұмыс сапарымен Шортанды ауданы Дамса ауылына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барды.

Бүгінгі күні орталықта 46 қызмет алушы - 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ өз бетінше қызмет көрсетуге қабілетсіз зейнеткерлік жастағы адамдар тұрады.

Шолпан Рахматуллина қызмет алушылармен кездесіп, орталықта тұру туралы сұрады. Орталық ас үйін, асханасын және мәзірді нормаларға сәйкестігін тексерді. Қолма-қол ақшаны тексеру шоттары бойынша сатып алынған заттарды тексеруді жүзеге асырды. Іргелес аумақты абаттандыруды тексерді.