2025 жылғы 29 сәуірде ағымдағы жылдың I тоқсаны бойынша Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметінің қорытындысы мен II тоқсанға арналған басым міндеттерді айқындау жөніндегі Алқа отырысы өтті.
Жиын барысында мекемелердің негізгі көрсеткіштері қаралып, қол жеткізілген жетістіктер талданды, сондай-ақ жедел шешуді талап ететін проблемалық мәселелер белгіленді. Қызмет көрсету сапасын арттыруға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, әлеуметтік қызмет алушылардың жайлылығын жақсартуға және персонал жұмысының тиімді ұйымдастырылуына ерекше назар аударылды.
Талқылау нәтижесінде әлеуметтік қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылданып, тапсырмалар берілді.
Персоналдың біліктілігін арттыру іс-шаралары аясында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандары арасында «Қауіпсіз еңбек — табысты еңбек» байқауы өткізілді.
Бұл байқау қауіпсіз еңбек мәдениетін дамытуға, кәсіби шеберлікті арттыруға және мамандар арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.