Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина Көкшетау қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» жартылай стационар жағдайында қызмет алатын балалардың ата-аналарымен кезекті кездесу өткізді.
Мұндай іс-шаралар ашық диалог, тәжірибе алмасу және өзара қолдау көрсетудің маңызды алаңына айналады. Ата-аналар өздерін толғандырған мәселелерді талқылап, қиындықтарымен бөлісіп, білікті жауаптар мен ұсыныстар алуға мүмкіндік алды. Кездесулер мамандар мен отбасы арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға, қиын өмірлік жағдайлардан шығу үшін ресурстарды табуға және одан әрі дамуға шабыттандыруға көмектеседі.