Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысының баспасөз хабарламасы

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссия отырысының баспасөз хабарламасы

Ақмола облысының әкімдігінде әкімнің орынбасары А. Б. Әміренованың төрағалығымен кәсіподақ ұйымдарының, жұмыс берушілер өкілдерінің және өңірдің аудандары мен қалалары әкімдіктерінің қатысуымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста әлеуметтік төлемдер мен жалақы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша берешекті өтеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ білім басқармасы мен білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіподағы арасындағы Келісімді орындау нәтижелері талқыланды.

Отырыс барысында Бұланды және Шортанды ауданының ұйымдарында әлеуметтік төлемдер берешегі мәселесі бойынша аудан әкімдерінің орынбасарлары баяндама жасады. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аудандардың, Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп әлеуметтік төлемдер берешегінің қалыптасуына жол бермеу бойынша кәсіпорындармен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен жұмысты күшейтуді ұсынды.

Қызметкерлер алдында жалақы берешегі мәселелері бойынша Аршалы ауданы «Михайловское» ЖШС және Көкшетау қаласы «Тыныс» АҚ басшылары тыңдалды. Жұмыс берушілер ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін кәсіпорындардағы берешекті өтеу бойынша міндеттемелер қабылдады.

Сондай-ақ кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету және өндірістік жарақат алу жағдайларын болдырмау мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылданды.