Бүгін Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы тіркелген жері бойынша тұрмайтын және елден кеткен, қайтыс болған тұлғаларды жаңарту алгоритмін әзірлеу мақсатында оффлайн режимінде «Отбасының цифрлық картасы» мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Жиынға Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасының құжаттамалық қамтамасыз ету және ішкі көші-қонды бақылау бөлімінің бастығы А.М.Жақыпов, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Д.А.Мұғжанова, Денсаулық сақтау басқармасының ана, бала және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы А. Т. Құрмаева, Әділет департаментінің бас маманы Д. Н. Жахина, АХАТ бөлімінің басшысы Сейфулина Б.А. қатысты.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасынан тыс жерде қайтыс болған, қайтыс болған тұлғаларды, қосарланған ЖСН бар тұлғаларды және т.б. жаңарту алгоритмі әзірленді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.