Отбасының цифрлық картасы бойынша кеңес

Отбасының цифрлық картасы бойынша кеңес

Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың төрағалығымен облыс аудан және қала әкімдерінің орынбасарларымен отбасының цифрлық картасы мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім беру, ішкі саясат, ветеринария, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармаларының, мемлекеттік кірістер департаменттерінің, полицияның өкілдері, және онлайн форматта аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансаптық орталықтардың директорлары қатысты.

Әр отбасымен «Дағдарыс» және «Шұғыл» санаттарынан неғұрлым қолайлы санаттарға ауыстыру мақсатында атаулы жұмыс жүргізу бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Салыққызы Рахматуллина сөз сөйледі.

Кеңес барысында Қорғалжын, Целиноград, Ақкөл, Бұланды, Зеренді аудандары әкімдерінің орынбасарлары, Аршалы ауданының жұмыспен қамту бөлімінің басшысы тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді.