Ақмола облысында "AMANAT" - "Қарызсыз қоғам" партиясының жобасы бойынша халықтың қаржылық сауаттылығын кеңінен оқыту

Ақмола облысында "AMANAT" - "Қарызсыз қоғам" партиясының жобасы бойынша халықтың қаржылық сауаттылығын кеңінен оқыту

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "AMANAT" - "Қарызсыз қоғам" партиясының білім беру жобасын қамтуды кеңейту жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде "AMANAT" партиясымен бірлесіп ағымдағы жылдың 5 ақпанынан бастап Ақмола облысы бойынша халықтың қаржылық сауаттылығын кеңінен оқытуды іске қосты.

Жобаның мақсаты білім беру жобасын кеңейту үшін мемлекеттік органдардың кешенді ынтымақтастығы, халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға ынталандыру, азаматтардың сапалы қаржылық консультациялар алуына жағдай жасау, қаржылық сауаттылық бойынша мамандар даярлау болып табылады.

Облыстың барлық аудандарында, қалаларында азаматтарды оқытуды білікті қаржы сарапшылары жүргізеді. Жыл ішінде 8 мыңнан астам азаматты қаржылық сауаттылық негіздеріне оқыту, олардың проблемалық берешегін реттеу және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кеңес беру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда оқыту Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларында, Бурабай, Целиноград, Атбасар, Зеренді, Бұланды Шортанды, Ерейментау, Ақкөл, Аршалы аудандарында басталды.

       «Қарыз қоғам» білім беру жобасының іске қосылуы туралы облыс тұрғындарын барынша қамту мақсатында өңірлерде ресми аккаунттар мен әлеуметтік желілерде халықты кеңінен ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.