100 жыл бұрын туып, 2024 жылдың 24 наурызында Иван Иванович Фриз өзінің ғасырлық мерейтойын атап өтуді.
Иван Иванович - Донецк облысында дүниеге келген. Қазақстанда 1957 жылдан бастап тұрады.
2020 жылы жұбайы қайтыс болғаннан кейін Щучинск қаласының Арнайы әлеуметтік қызметер көрсету орталығында тұрады.
Өте көңілді, ақ жарқын, белсенді адам.
Орталық қызметкерлері ғасырлық мерейтой құрметіне мерекелік іс-шара өткізді. Ақмола облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Салыққызы Рахматуллина Иван Ивановичті жылы лебіздерімен құттықтады. Іс-шара жылы, достық жағдайда өтті.