Ағымдағы жылдың 23 ақпанында басқарма арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының директорлары мен мамандары үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша семинар өткізді, сол күні Орталық қызметкерлері арасында қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада өткізілді. Жарысқа 60-қа жуық адам қатысты. Жеңімпаздар медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық үшінші орынды Дамса ауылының орталығы, 2 орынды Щучинск қаласының орталығы, 1 орынды Шаңтөбе кентінің орталығы иеленді. Жеңімпаздарға кубоктар мен бағалы сыйлықтар табысталды.