Ағымдағы жылдың 26 қыркүйек күні сағ: 11.00-да Ақмола облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы ғимаратында жастарға 2,5 пайызбен микрокредит беру өтінімдерді қарау бойынша «Бизнес жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия» отырысы өткізіледі.
Конкурстық комиссия отырысы Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, №23 мекен жай бойынша өтеді.
Комиссия қарауына өтінім берген несие алушыларды міндетті түрде аталған мекен жайға келулеріңізді және бизнес жобаларыңызды комиссияның алдында қорғауға дайын болуларыңызды сұрайды.
Ескертпе: Комиссия отырысына несие алуға өтінім берген үміткердің өзі қатысуы қажет немесе видео байланыс арқылы қатыса алады. Видео байланыс барысында үміткер тарапынан орын алған техникалық ақауларға (байланыс сапасы және т.б.) комиссияның жұмысшы органы жауап бермейді және өзге бір тұлғаның қатысуына жол берілмейді.
Қосымша ақпарат алу үшін комиссияның жұмысшы органы Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына 8/7162/ 29 86 33 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.