Ағымдағы жылдың 8 айындағы жұмыстың қорытындысы бүгін, 20 қыркүйекте, облыс әкімінің орынбасары А. Тайжановтың төрағалығымен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқасында жасалды.
Облыстық басқарма басшысы Ш. Рахматуллина баяндама жасады.
Алқа отырысында халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері, белсенді жұмыспен қамту шараларына жолдамалар, олар бойынша көрсеткіштердің орындалуы, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері, әлеуметтік көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және әлеуметтік объектілерді бейімдеу мәселелері қаралды. Көрсеткіштері төмен аудандар әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды. Отырыс қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар берілді.