Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында 2023 жылғы 14 қыркүйекте облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллина "Ақмола облысында жұмыс орындарын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды қолдау және экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі бағдарламалар мен шаралар" тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған брифингке қатысты.
Ағымдағы жылы 31 531 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда, бүгінгі таңда 21 400 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 68% -. құрайды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 234,6 млн. теңгеге 170 грант бөлінді (400 АЕК дейін). Бүгінгі таңда мемлекеттік гранттарды 141 адам алды, оның ішінде: АӘК алушылар – 10 адам, мүгедектігі бар адамдар – 33 адам, көпбалалы отбасылар – 70 адам, қандастар – 2 адам, мүгедектегі бар баланы тәрбиелеп отырғандар-19, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша –7 адам 182,3 млн. теңге сомасына алды немесе жылдық жоспардың 83% құрайды.
Кәсіпкерлік саласындағы жастарды дамыту үшін "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ (бұдан әрі-АКК) арқылы жеңілдетілген шағын несиелеу арқылы 764,5 млн. теңге сомасына 166 адамға берілді.