2023 жылғы 12 қыркүйекте өңірлермен селекторлық режимде әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру, өндірістік жарақат алу жағдайларын болдырмау, Еңбек күнін мерекелеуді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.Сондай-ақ сараптамалық қорытындылар негізінде "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздары анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тапсырмалар берілді.