Атбасар ауданына жұмыс сапары

Атбасар ауданына жұмыс сапары

9 ақпан күні Атбасар ауданы әкімдігінің ғимаратында Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ш. Рахматуллина Атбасар ауданы бойынша Ұлттық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құру мәселесі бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Кеңес барысында ұсынымдар беріліп, электрондық еңбек биржасы арқылы жұмыс орындарын құру алгоритмі берілді, жобаларды іске асырудың нақты мерзімдері белгіленді. Кеңеске Атбасар ауданы әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары, жоба әкімшілері және ауылдық округ әкімдері қатысты.