Көкшетау қаласында Светлана Жақыпова әлеуметтік сала мамандарымен кеңес өткізді

Көкшетау қаласында Светлана Жақыпова әлеуметтік сала мамандарымен кеңес өткізді

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Көкшетау қаласына Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуметтік қорғау жөніндегі ұлттық сарапшысы Светлана Жақыпова келді.
Әлеуметтік сала мамандарымен кездесуде Светлана Жақыпова Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан "әлеуметтік еңбек саласындағы әлеуметтік қызметкерлердің қызметін автоматтандырудың ақпараттық жүйесін енгізу"пилоттық жобасын таныстырды.
Спикер атап өткендей, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ақмола облысының аумағында да пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.