Халықаралық мүгедектер күніне арналған дөңгелек үстел

Халықаралық мүгедектер күніне арналған дөңгелек үстел

Бүгін Халықаралық мүгедектер күнінде Ақмола облысының әкімі Е.Б. Маржықпаев дөңгелек үстел басында мүгедек адамдармен кездесу өткізді, онда қоғамдық ұйымдардың "Шекарасыз Компьютер", "мүгедектер кресло-арбаларын жөндеу және оларға қызмет көрсету", "мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік-құқықтық және психологиялық консультация кабинетін құру", "тірек-қимыл аппараты зақымдалған адамдарға арналған бос уақыт орталығын ұйымдастыру"әлеуметтік жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды. 

Сондай-ақ, белсенді өмірлік ұстанымы және денсаулық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсеткені үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Ж. Шапкенов пен Ақмола облысының әкімі Е. Б. Маржықпаевтың алғыс хаттарымен,
облыс әкімінің кеңесшісі, "Шанс" мүгедектерді оңалту орталығының төрағасы В. Л. Шиманский, Жарқайың ауданы әкімінің кеңесшісі, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша облыс құрамасының мүшесі А. Г. Нұрбеков, "Бірлік "Ақмола облысының мүгедектер одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Р. С. Мұқатаев, Ақкөл ауданы әкімінің кеңесшісі, Чернобыль АЭС мүгедектері мен қатысушыларының қоғамдық ұйымы Ақкөл филиалының төрағасы, мүгедектердің ерікті қоғамы Ақкөл филиалының төрағасы В. П. Дроздов, Степногорск қаласы әкімінің кеңесшісі Т. А, "Ерлік" тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектер Степногорск қалалық қоғамының төрағасы С. Ф. Мұхамадиев Целиноград ауданы әкімінің кеңесшісі, "Болашақ" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Ш. Қапанов