Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы 12.11.2021

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы 12.11.2021

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссия мүшелері көшпелі қабылдау өткізді. Бұланды ауданында Ашық есік күні өтті, онда тұрғындар еңбек заңнамасы, әлеуметтік қорғау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және кәсіподақ қызметі мәселелері бойынша түсініктеме алды.

Ашық есік күні аяқталғаннан кейін өңірлермен селекторлық режимде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті өтеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, облыс кәсіпорындарындағы, оның ішінде банкрот және оңалту сатысында тұрған кәсіпорындардағы жалақы бойынша берешекке мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды. Балалар еңбегін жою, жасалған ұжымдық шарттарды талдау бойынша жұмыс туралы да сөз болды.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс кәсіпорындарында жалақы бойынша берешектің пайда болуына жол бермеу, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың берешегін азайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуге тапсырмалар берілді.

Ерейментау, Шортанды, Бурабай, Зеренді аудандары мен Көкшетау қаласының комиссия төрағаларының есептері тыңдалды.