Қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу туралы Брифинг

Қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығын өткізу туралы Брифинг

Кеше Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Акбарова қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасының орындалуы туралы айтты.
Әлеуметтік қолдау айлығын өткізу үшін облыстық әкімдіктің қаулысымен іс-шаралар жоспары бекітілді. Қосымша қолдау шаралары ретінде бюджет есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектерге біржолғы материалдық көмек төлеу жоспарланған. 2021 жылдың 1 қазанына 9912 адам материалдық көмек алды.
Облыс бойынша 15 622 адам отын, дәрі-дәрмек, тіс протездеу және басқа да әлеуметтік көмек алды.
"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының 92-тармағына сәйкес облыс бойынша "Кедергісіз келешек"партиялық жобасын іске асыру шеңберінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған 335 әлеуметтік инфрақұрылым объектісін бейімдеу қажет болды. Бейімделуге қарастырылған 79 млн теңге бюджет қаражатының 36 млн 955 мың теңгесі немесе 47% игерілді.