2021 жылғы 9 шілдеде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы.

2021 жылғы 9 шілдеде Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы.

Ағымдағы жылдың 9 шілде  өңірлермен селекторлық режимде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Е. Рамазановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша қабылданатын шаралар туралы мәселе қаралды. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Ә. Смайылов және "Жеке сот орындаушылары" Өңірлік палатасының орынбасары                         Р. Молдағұлова ақпарат берді.

Комиссия мүшелерін ағымдағы жағдай туралы Зеренді, Бурабай, Бұланды, Біржан сал аудандары және Степногорск қаласы әкімдерінің орынбасарлары хабардар етті. Ал Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Б.Шайкенов міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша берешектері туралы айтып берді.

Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Е.Рамазанов жалақы бойынша берешекке мониторинг жүргізуді облыстық комиссияның қарауына шығаруды тапсырды. Облыстың аудандары мен қалаларының әкімдіктері - берешекті осы жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде өтеу жөнінде шаралар қабылдасын, ал еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма осы мәселені бақылауда ұстасын.

Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар субъектілерге талдау жүргізу, өтеу кестесін жасау және жұмыс органы-жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына беру тапсырылды.