"Е-Заң көмегі" Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі»

"Е-Заң көмегі" Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі»

  Елімізде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаты шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) «Е-заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірледі.
  Жобаның мақсаты – халықты онлайн режимінде білікті заң көмегімен қамтамасыз ету, адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыру, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылымен қамтамасыз ету.
    Бұл ретте, «Е-заң көмегі» АЖ-да «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 2-тармағына және 26-бабына сәйкес (https://eup.kz/) халық үшін тегін негізде кешенді әлеуметтік заң көмегі және мемлекет кепілдік берген заң көмегі (бұдан әрі – МКЗК) бойынша онлайн режимінде консультация алу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ, адвокаттар мен заң консультанттарын іздестіру функционалы іске асырылды.