Ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің қатысуымен қоғамдық мониторингтік топты тексеру қорытындылары бойынша кеңес

Ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің қатысуымен қоғамдық мониторингтік топты тексеру қорытындылары бойынша кеңес

2021 жылғы 4 маусымда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің қатысуымен құрамында "Nur Otan" партиясының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Ақмола облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері бар қоғамдық мониторингтік топты тексеру қорытындылары бойынша кеңес өткізілді, ҮЕҰ жалпы үлгідегі орталықтарға барды.                                                  

Мониторингтік топ қызмет алушылардың тұру, тамақтану жағдайларына, тұрғын үй-жайлардың жай-күйіне, жиһазбен жабдықталуына, медициналық көмек көрсетуге ерекше назар аударды.

Кеңесте мониторингтік топ көрсеткен ескертулер талқыланды, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының директорларына және Басқарманың жауапты тұлғаларына жалғыз басты қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.