2021 жылғы 4 маусымда Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

2021 жылғы 4 маусымда Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

        Ағымдағы жылдың 4 маусымында облыс әкімдігінде өңірлермен селекторлық режимде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті.

        Отырыста облыс кәсіпорындарында еңбекақысы төмен санаттағы қызметкерлердің жалақы мөлшерін арттыру мәселесі талқыланды. Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының м. а. Д.С. Баймусыновтың ақпараты тыңдалды.

         Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссиялардың жұмысы туралы есептер  мен Целиноград ауданы әкімдерінің орынбасарлары, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияларының төрағалары                                                                                   А.Қ. Айтқожинова  және Ерейментау ауданы әкімдерінің орынбасарлары    Б. Н. Ыбыраев тыңдалды.

      Комиссия мүшелері аудандар мен қалалар әкімдіктеріне еңбекақысы төмен санаттағы қызметкерлердің жалақысын көтеру бойынша облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарымен жұмыс жүргізуді, осы мәселені өңірлердің жұмыс берушілерін шақыра және тыңдай отырып, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық (қалалық) комиссиялардың отырыстарында қарауды ұсынды.

      Сондай-ақ, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық «Парыз» конкурсына облыстың жұмыс берушілерінің қатысу мәселесі қаралды.

      Әлеуметтік әріптестік тараптарына, өңірлер әкімдіктеріне жеке кәсіпкерлік субъектілерінің конкурсқа қатысуы бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жандандыру тапсырылды.