2021 жылғы 28 Мамырда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

2021 жылғы 28 Мамырда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысы

Ағымдағы жылдың 28 мамырда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өңірлермен селекторлық режимде өтті.

        Отырыста міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төмендету, сондай-ақ жалақы бойынша берешекті өтеу, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, Өндірістік жарақаттану жағдайларына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар мәселелері талқыланды.

       Комиссия мүшелері аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне кәсіпорындарда жалақы бойынша берешектің туындауына жол бермеу бойынша жұмысты жалғастыруды, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын сақтау, өндірістік жарақаттануды төмендету, жеке сот орындаушыларының өндірісіндегі жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша қажетті шараларды қабылдауды ұсынды.

        Әлеуметтік әріптестік тараптарының үйлесімді жұмысының арқасында облыс аумағында ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдар тіркелген жоқ.